Белгілі француз актрисасы Брижит Бардо өмірден өтті

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Француз киносының аңыз адамы 92 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Актрисаның қазасы туралы Брижит Бардо қоры хабарлады.

Брижит Бардо 1934 жылғы 28 қыркүйекте Париж қаласында дүниеге келген. Ол кино мансабын 1950 жылдардың басында бастап, 1956 жылы экранға шыққан «И Бог создал женщину» фильмі арқылы танымал болды. Аталған картинадан кейін актрисан 1950–1960 жылдардағы француз киносының жұлдызына айналды.

Актриса кинодағы мансабын шамамен 50 жыл бұрын аяқтап, содан бері өмірін жануарлар құқығын қорғауға арнады.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp