
Бауыржан Момышұлының туыстарына президент атынан Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Алматы қаласында Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырдың келіні Зейнеп Ахметова мен немересі Ержан Момышұлына президент атынан айрықша мемлекеттік марапаттар – Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін табыстады.
Бұған дейін президент Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдап, тиісті жарлыққа қол қойған ғой.
“Халқымыз Бауыржан Момышұлын әрдайым батыр деп біледі, қаһарман деп қастерлейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл жолғы шешімі халықтың оған деген ыстық ықыласын одан әрі арттыра түсті. Ең бастысы, көптен күткен тарихи әділдік қалпына келтірілді”, – деді мемлекеттік кеңесші.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


