Бауыржан Аленов Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен алынды

Бауыржан Аленов ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне кірісті. Бұл туралы satmedia.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Төлегенұлы Әленов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Бауыржан Аленов 2022 жылдың тамыздан бастап Алматы облысының Полиция Департаментін (ПД) басқарды, оған дейін 2021 жылғы қаңтардан бастап ІІМ жедел қызмет департаментінің бастығы қызметін атқарған.

Дереккөз: Ақорда

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар