Батыс Қазақстан облысында МКД басшыларының бірі ұсталды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңсыз тауар импорттаумен айналысқан арнаның қызметі тоқтатылды.

Тергеу аясында Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының бірінің басшысы мен Астана қаласының тұрғыны ұсталды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілер сыйақы алу арқылы шетел азаматтарына тауарларды Қазақстанға контрабандалық жолмен әкелуге жәрдемдескен. Құжаттар бойынша олардың 100 миллион теңгеден астам көлемде пара алғаны анықталған.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар