Оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерьге баруға асығады. Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің маусымдық ашылу салтанаты болып өтті. Салтанатты шара еліміздің әнұранымен басталып, балалар ән айтып, күй тартып, өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік шара барысында аудан басшысы 200 орындық жаңа заманауи үлгідегі модульді жатақхананың лентасын қиып, ауыл ақсақалдарының батасын алды.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Нұрдәулет Жолбарыс