Сарыағаш қаласында орналасқан «Ару Барс» балабақшасында «Балаларды шығармашылық өнерге үйретудің маңызы» атты аудандық семинар өтті. Онда бірнеше бақша әдіскерлері мен құрылтайшылары, сондай-ақ аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің мамандары қатысты. Шарада баланың сана сезімін дамытып, қоғамға тәрбиелеп берудің тәсілдері кеңінен насихатталды.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Айдос Дәулет