№77 жалпы білім беретін мектепте жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына арналған кең көлемді жиын өтті. Кездесуге Сарыағаш аудандық білім бөлімінің маманы Әшірбек Адеев пен аудандық Полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары Ұлықбек Убайдин қатысып, «Қауіпсіз балалық шақ» және зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін көтерді. Жиын барысын тілші жалғайды.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Ережеп Тұрғынбайұлы



