Өркениет көшіне ілескен еліміздің бүгінгідей даму кезеңінде баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру аса маңызды. Әсіресе, цифрлық технологиялар дамыған заманда жасөспірімдерді смартфонға емес, спорт пен өнерге бейімдеу – басты қажеттіліктердің қатарында. Бұл бағытта Құркелес ауылдық округіне қарасты Ақниет ауылдық мәдениет үйінің мамандары жақсы нәтиже көрсетіп келеді.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Айдос Дәулет