Бакуда Наурыз мерекесі аталып өтті

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Баку қаласындағы Түркі сауда орталығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Наурызға арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әйгілі скрипкашы Жамилә Серкебаеваның және «Елім ай» балалар вокалдық тобының концерті ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстанның, Қырғызстанның және Түркияның Әзербайжандағы елшілері, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, қазақ диаспорасы мен білімгерлері, Баку қаласының тұрғындары қатысты.

Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, түркі әлемінің бауырлас халықтары арасындағы саяси, экономикалық, сауда және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды әрі қарай нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Бұл тұрғыда қазақ-әзербайжан екіжақты ынтымақтастығы үлгі боларлық деңгейде.

Қырғызстан дипломатиялық өкілдігінің басшысы Мақсат Мамытқанов бірлескен мерекені ұйымдастырғаны үшін қазақ елшілігіне алғысын білдіріп, түркі халықтарына өркендеу тіледі. Түркияның Елшісі Бирол Акгюн мемлекеттеріміз арасындағы бірлікті нығайтудағы мәдени іс-шаралардың үлесін жоғары бағалап, жиналғандарды Наурызбен, сондай-ақ келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Концерттік бағдарламада «Наурыз думан», «Көроғлы», «Сұлу қыз», «Алтын бесік», «Адай» және т.б. композициялар орындалды. Кеш соңында Баку бизнес-қоғамдастығы атынан ауызашар ұйымдастырылды.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар