Маусым айының үшінші жексенбісі – Медицина қызметкерлерінің күні. Ақ халаттылардың кәсіби мерекесі қарсаңында Келес ауданында «Спорт – денсаулық кепілі» атты спартакиада ұйымдастырылды. Эстафеталық ойындарға ауданға қарасты медициналық нысандардың қызметкерлері қатысып, бақтарын сынады. Салауатты өмір салтын насихаттайтын шара жайында тілшіміз айтып береді.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Жасұлан Әлібеков, Асан Қазақбаев