АҚШ 75 елдің азаматтарына иммиграциялық виза беруді тоқтатпақ

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Иммиграциялық виза түрінен қағылғандар тізімінде Қазақстан да бар. Осылайша АҚШ мемлекеттік департаменті “қоғамға салмақ түсіруі мүмкін” үміткерлердің елге келуін шектемек. Енді бұл шектеулер 21 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Президент Трамптың пікірінше, Америкаға көшіп келетін адамдар өзін-өзі қаржылай қамтамасыз ете алуы керек. Сондай-ақ мемлекеттен жәрдемақы, әлеуметтік көмек алып күн көрмеуі тиіс дейді.

Айта кетейік, бұл шешім тұрақты тұруға арналған иммиграциялық визаларға қатысты. Ал туристік, оқу немесе қысқа мерзімді визаларға тікелей қатысы жоқ.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp