АҚШ-тың әскери ұшақтары Кувейт аумағында апатқа ұшырады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Оқиға Парсы шығанағындағы шиеленіс жалғасып жатқан кезеңде болды, деп хабарлайды Kazinform-ның Таяу Шығыстағы тілшісі.

Кувейт Қорғаныс министрлігі дүйсенбі күні ел аумағында бірнеше америкалық әскери әуе кемесінің құлағанын мәлімдеді. Ресми дерекке сәйкес, экипаж мүшелерінің барлығы тірі.

Министрлік өкілі полковник Саид әл-Атванның айтуынша, апат таңертең болған. Барлық ұшқыштар дереу эвакуацияланып, медициналық тексеру үшін ауруханаға жеткізілген. Олардың жағдайы тұрақты.

Қазір оқиғаның себептері анықталуда. Кувейт билігі АҚШ тарапымен бірлесіп, тиісті үйлестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Дереккөз: Kazinform

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp