
АҚШ-та UPS жүк ұшағы апатқа ұшырады: кемінде жеті адам қаза тапты, – деп хабарлайды satmedia.kz тілшісі informburo.kz-ке сілтеме жасап.
АҚШ-тың Кентукки штатында UPS компаниясына тиесілі жүк ұшағы Луисвилл қаласындағы Мұхаммед Әли атындағы әуежайдан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшырады, деп жазды The Guardian.

Билік мәліметінше, кемінде жеті адам қаза тауып, тағы 11 адам жарақат алған. Гонолулуға бағыт алған McDonnell Douglas MD-11 ұшағы әуежай маңындағы өндірістік аймаққа құлап, екі ғимаратқа — қалдықтарды өңдеу пункті мен автосервиске соғылған. Соқтығысудан кейін күшті өрт шыққан.
Ұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған, алдын ала деректер бойынша, олардың барлығы қаза тапқан. Қайтыс болғандардың арасында жерде болған адамдар да бар.
Апаттың себебін федералды қызметтер анықтап жатыр, әуежай уақытша ұшуға жабылған.
Дереккөз: informburo.kz


