
АҚШ Венесуэламен байланысы бар, Ресей туы астындағы мұнай танкерін Солтүстік Атлантикада басып алды. Кеме санкцияларды бұзды деген күдікпен, АҚШ сотының ордерімен тоқтатылған.
Бұрын Bella-1 аталған танкер кейін атауын «Маринера» деп өзгерткен. Ресей бұл әрекетті заңсыз деп санап, кеме экипажымен байланыс үзілгенін мәлімдеді. Reuters дерегінше, жағдай АҚШ пен Мәскеу арасындағы шиеленісті күшейтуі мүмкін
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


