АҚШ-Иран келіссөзі 11 сәуірде басталады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Исламабад қауіпсіздікті мейлінше күшейтті. Өйткені келіссөз Пәкістан астанасында басталады.

Ел билігі екі жақтың делегациясын қарсы алуға әзірлігін пысықтап, басқосу өтетін ауданды оқшаулады. Бас шаһарда екі күнге демалыс жарияланды.

Тек коммуналдық қызмет пен құқық қорғау және медициналық мекемелердің жұмысы тоқтаған жоқ. Келіссөзге Исламабад араағайын болып отыр.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp