АҚШ Иранға қайта шабуыл жасады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

АҚШ әскері 16 шілде күні Ирандағы нысандарға жаңа әуе соққыларын бастады. Бұл туралы елдің Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, АҚШ-тың Иранға жасаған шабуылдары алтыншы түн қатарынан жалғасып жатыр. CENTCOM өкілдерінің айтуынша, бұл операциялардың негізгі мақсаты – Иранның әскери әлеуетін одан әрі әлсірету.

Иранның Press TV мемлекеттік телеарнасы шабуылдардың әскери емес, азаматтық нысандарға бағытталғанын мәлімдеді. Оның ішінде Хормозган провинциясындағы үш көпірдің соққы астында қалғаны белгілі болды. Бұдан бөлек Парсы шығанағында Киш аралындағы электр қосалқы станциясына, Бандар-Аббас қаласындағы тұрғын ауданға, Бандар-Аббас пен Ираншахр қалаларының әуежайлары маңына да шабуыл жасалған. Press TV мәліметінше, шабуыл салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алған.

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы қарымта жауап ретінде аймақтағы америкалық әскери нысандарға соққылар бағыттаған. Бұл туралы AFP агенттігі жазды.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар