2008 жылы құрылған «Атадан мұра» қоғамдық қоры жыл сайын өнерлі балаларды қолдап, олардың шет елдерде Қазақстан атын танытуына жағдай жасап келеді. Қордың негізгі мақсаты — жас дарындардың шығармашылық қабілетін ашып, оларға үлкен сахналарда өнер көрсетуге мүмкіндік беру. Осы уақыт ішінде ұйым көптеген жобаларды жүзеге асырып, мыңдаған баланың талантын шыңдауға үлес қосады дейді ұйымдастырушылар.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Нұрболат Еркін





