«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің негізгі мақсаты – республика ардагерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға және ақпараттық-мәдени қажеттіліктеріне жәрдемдесу. Осы ретте Сарыағаш ауданында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының IX конференциясы өтті. Конференция қорытындысында ардагерлер ұйымының алдағы кезеңдегі негізгі міндеттері айқындалып, жаңа жоспарлар бекітілді.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Марат Жодас, Нұрболат Еркін




