Сарыағаш ауданында қасиетті Рамазан айында ауқымды ауызашар беріліп, игі шараға аудан тұрғындары мен ел ағалары көптеп жиналды. Берекелі басқосуды Сарыағаш ауданы әкімдігі ұйымдастырып, күн ұзаққа ауыз бекіткен жамағаттың басын қосты. Кеш барысында көпшілікке ақ дастарқан жайылып, ауыз ашар сәтінде ізгі тілектер айтылып, ел бірлігі мен татулығы дәріптелді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы





