15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күн. Осы тарихи оқиғаға орай жыл сайын Ауған даласында қыршыннан қиылған боздақтарды еске алып, көзі тірі интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсету шарасы ұйымдастырылып келеді. Осы ретте Сарыағаш қаласындағы «Жеңіс» саябағында және аудандық мәдениет үйінде Кеңес әскерлерінің шектеулі құрамының Ауған жерінен шығарылуының 37 жылдығына орай «Ауғанның отты алауы» атты тағылымы мол шара ұйымдастырылып, ауған соғысы ардагерлері құрметке бөленді.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Марат Жолдас





