Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 35 жыл. Осыған орай, атаулы күнде жанқияр ерлігімен Отан үшін кеудесін оққа тосқан батырларға құрмет көрсету рәсімі болып өтті. Қазіргі күні ауданымызда 131 Ауған соғысының ардагерлері тұрады. Бүгінгі шарада сол ардагерлердің әзіз аттары ардақталып, құрмет көрсетілді. Мерекелік жиында аудан басшысы және мәслихат төрағасының Алғыс хаттарымен де марапатталды.
Авторлар: Майра Нұрмахан, Ережеп Тұрғынбайұлы