Келес ауданында спорт саласындағы маңызды жаңалықтардың бірі жүзеге асты. Ауданда алғаш рет ауыр атлетика залы ашылып, жас спортшылар үшін жаңа бағыттағы жаттығу мүмкіндіктері пайда болды. Салтанатты шара «Келес спорттық-сауықтыру» кешенінде ұйымдастырылып, аудан спортының дамуына серпін беретін нысан ретінде бағаланды. Жаңа зал жасөспірімдердің кәсіби спортқа қадам басуына және болашақ чемпиондардың қалыптасуына жол ашпақ.
Авторлар: Әсел Әбдікбек, Нұрболат Еркін




