
БҚО-да Бәйтерек ауданы Рубежин ауылдық округінің әкімі Арман Жұмағалиев ауыл тұрғынына дауыстық хабарламамен “ештеңе істемедің” (ни*рена не сделала) деп айтқан.
Әкімнің сөзінше, балағат сөз айтылғанға дейін тұрғын өзіне 11 рет қоңырау шалғанын айтты. Осыдан кейін әкім тұрғынға: “Қайырлы күн. Ертең жиналысқа келіңіз” деп жазған екен. Осыдан кейін жағдай әбден ушықты дейді.
Нәтижесінде, Арман Жұмағалиевке сөгіс жарияланды.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


