Әкімдердің халық алдында есеп беруі жалғасуда. Құркелес ауылдық округінің әкімі Қанат Иматов тұрғындармен кездесу өткізді. Жиын барысында ауыл басшысы атқарылған жұмыстарды және ағымдағы жылға жоспарларын баяндады. Сәуір айында 6 елді мекен табиғи газға қосылған. 5 елді мекендегі 8 көшеге аудандық бюджеттен асфальт төсеу және 4 елді мекеннің 21 көшесіне тас-шағал төсеу жұмыстары жүргізілуде. Есепті кездесуде ауылға ортақ бірқатар өзекті мәселелер ортаға салынып, халықтың уәжі тыңдалды.
Авторлар: Ақерке Жұмабекқызы, Айдос Дәулет