Сарыағаш ауданында биылғы оқу жылында жалпы орта мектепті 3153 түлек, ал негізгі орта мектепті 4504 оқушы тәмамдады. Білім ұясын бітірген талапкерлердің арасынан 153 оқушы «Алтын белгі» алған болса, «Үздік аттестатқа» 216 оқушы ие болды. Айта кетейік, ауданда 4 бітірушісі «Алтын белгі» алған үздік мектеп бар. Ол – Жылға ауылдық округінде орналасқан №12 С.Сейфуллин мектебі.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Ережеп Тұрғынбайұлы