Келес ауданында жаңа оқу жылы қарсаңында игі бастама қолға алынды. Абай ауылындағы «Халық қажы» атындағы мешітте өткен «Мектепке жол» акциясы аясында мешіт имамы Нұрбек Момбековтің бастамасымен ауыл балалары қуанышқа бөленіп, олардың жаңа білім жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастауына жағдай жасалды.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Ережеп Тұрғынбайұлы