Мәдениеті озған елдің ертеңі – еңселі, болашағы- жарқын болары хақ. Айталық, мәдениет пен өркениеттің мекені болған саялы Сарыағашта тағы бір мәдени кеш өткізу қолға алынды. Енді әр аптаның сенбісі мен жексенбісінде өңірдегі әр ауылдық мәдениет үйлерінің өнерпаздары Жеңіс саябағына келіп, тұрғындарға мәдени әрі рухани кеш сыйлайды. Онан бөлек, бұқаралық спортты дамыту мақсатында түрлі спорттық эстафеталар да ұйымдастырылатын болады.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы