Сарыағаш ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған жастар арасындағы «Біз – Мәңгілік Ел ұландарымыз!» атты аудандық әскери-патриоттық сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл шара аудан әкімінің кубогы үшін өтті. Сайыстың басты мақсаты – жас ұрпақтың отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, әскери-патриоттық рухын көтеру және спортқа деген қызығушылығын дамыту болды.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Нұрдәулет Жолбарыс