Келес ауданы әкімінің кубогы үшін 2009–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында командалық көкпардан ашық біріншілік өтті. Жарыс Келес ауданы аумағындағы Ақтөбе ауылдық округі жерінде ұйымдастырылды. Додаға Қошқарата, Жамбыл, Ошақты сынды аудандағы аймақтардан келген командалар қатысып, ұлттық спорттың көрігін қыздырды.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Айдос Дәулет





