Бүгінгі таңда Сарыағаш аудандық тарихи-өлкетану мұражайында 3390-нан асатын жәдігер бар. Экспонаттардың ішіндегі ең көнесі 17-ғасырға тиесілі қыш құмыралар. Ал ең құндысы – 19 ғасырда өмір сүрген Майлықожа ақынның киген түйе шекпені. Бұл құнды заттар аудан мұражайында қашан және қалай пайда болды? Оларды қабылдау процесі қалай жүреді? Бұл туралы өткен күндерден сыр шертетін тарихи мекеннің меңгерушісінен сұрап көрген болатынбыз.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Аман Асылбек