Бүгін тарихқа тағзым етілді. Нақтырақ айтсақ, 1979 жылы 25 желтоқсан – Кеңес әскерінің ауған жеріне енгізілген күні. Аталған сұм соғысқа Қазақстаннан 22 000 азамат қатысқан. Осы орайда, қаза тапқан сарбаздар рухына құран оқылып, құрмет көрсетілді.
Кеңес әскерінің ауған жеріне қадам басқанына, міне, биыл – 41 жыл толды. Бұл соғыста талай боздақ көз жұмып, бір бөлігі мүгедек атанды. Алайда, олардың аты өшпек емес. Осы мақсатта олардың рухына тағзым ету және құрмет көрсету үшін көпшілік жеңіс саябағында бас қосты.
Рысбай Жаманқұлов, Сарыағаш аудандық ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы
Аталған соғыста 761 адам мерт болып, 21 адам хабар-ошарсыз кеткен екен. Біз көрсеткен статистика ғаламтордан алынды, сондай-ақ, бұл сандар әлі де болса өсуі мүмкін. Ал, бүгінгі таңда Қазақстанда 10 000-ға жуық ауған ардагері бар. Сарыағаш ауданында да олардың саны жетерлік.
Мұзаффар Бегалиев, Түркістан облысы «Ауған соғысы ардагерлері мүгедектері кеңесі» қоғамдық бірлестігі Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы
Ауған соғысының ардагерлері отан үшін отқа түсті, күйген жоқ, кеудесін оққа тосып өлген жоқ. Себебі, ерлікті сұм ажал жеңбек емес. Әрқашанда ер есімі – ел есінде қалмақ.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Дінислам Тәліпбай
Материалдарды толық және ішінара көшіріп алуға тыйым салынған. Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, ресурсқа сілтеме беріңіз.