
Ақбаян Мұқанғалиеваны арнайы сараптама жүргізу үшін Алматыға әкелген. Сараптама қорытындысы әлі дайын емес екен.
Бұған дейін ол Атырау облысындағы арнайы медициналық мекемеге орналастырылған еді. Құзырлы органдар оның мінез-құлқына байланысты психикалық жағдайын тексеру қажет деген шешім қабылдаған. Мұқанғалиеваға әзірге нақты айып тағылмаған.
Ал басты күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке мынадай айыптар тағылған:
екі немесе одан да көп адамды өлтіру;
алдын ала сөз байласу арқылы жасалған ұрлық;
алаяқтық.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


