Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің ең басты құжаты, елдің бірлігі мен тұрақтылығының кепілі. Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Конституция күні – қазақстандықтар үшін айрықша мереке. Бұл күн мемлекетіміздің даму жолын айқындап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етіп келеді. Осы айтулы датаға орай, Сарыағаш ауданында да мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрғындар елдіктің мерейін арттырған күнді кеңінен атап өтті.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Марат Жолдас