Кәсіп түрін қалай бастау керектігін нақты білетін мамандарды білесіз бе? Келес ауданына қарасты «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмету көрсету орталығы сапалы қызмет көрсетіп, көпшіліктің алғысына бөленіп жүргендері де баршылық. Жоспарлы жұмыстың нәтижесінде, өткен жылдың еншісінде 323 жеке тұлға мен 146 шағын және орта бизнес өкілдері аталған орталыққа жүгінген. Сонымен қатар, Рұқсат құжаттарын рәсімдеп беру бойынша яғни кепілге қойылатын мүлік құжаттарын сенімхат негізінде заңдастырылып, рәсімдеп жалпы 30 кәсіпкер мен 67 жеке тұлғаға қажетті көмек көрсетіп отырмыз, – дейді мамандар. Нақтырақ, тілшіміз Фариза Мүсілім тарқатады.
Авторлар: Фариза Мүсілім, Аман Асылбек