Сарыағаш аудандық мәдениет үйіне қарасты, Құркелес ауылдық округі, Ақ үй ауылдық клубының мәдениет қызметкерлері ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарымен қарым-қатынасты нығайту және байланысты арттыру мақсатында кейуана Әріпбаева Ұлту Қарсенқызымен «Ұлағатты ана – ұлт байлығы» атты кездесу кеші өтті. Басқосуда сыр-сұхбат болып, ақжаулықты қарттың бастан өткен ғибратқа толы ғұмыры жайлы сөз қозғалды.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы