Астана-Петропавл бағытындағы пойыздың дәретханасы “жарылып”, жолаушыға нәжіс шашыраған: Пойыз басшысы қызметінен босатылды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Жәбірленушінің айтуыншы, қыз дәретхананы пайдалану үшін кабинаға кіргенде биодәретхана ішіндегі заттар шашырап, төбе мен қабырғаларға, сондай-ақ қыздың киіміне де тиген.

Пойыз басшысы істі жасыруға тырысып, қыздан ешқандай шағымым жоқ деп қолхат жазып беруді сұраған.

“Қазақстан темір жолы” компаниясы оқиғаға қатысты тексеріс жүргізілгенін хабарлады.

“Аталмыш дерек бойынша пойыз бригадасының әрекеттеріне қызметтік тексеріс жүргізілді: вагонның санитарлық жағдайын тиісті бақыламағаны үшін пойыз басшысы қызметінен босатылды, учаске бастығына қатаң сөгіс жарияланды», – делінген ҚТЖ хабарламасында.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp