Астанада Tesla тізгіндеген 14 жастағы жасөспірім полициядан қашып кетпек болған

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Жол ережесін өрескел бұзған жасөспірім полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, қашуға әрекет жасаған.

Жасөспірім ұсталып, көлік арнайы тұраққа қойылды. Көлікте оның кәмелетке толмаған досы да болған.

Артынша биыл наурыз айында дәл осы көліктің бірнеше рет жол ережесін бұзғаны белгілі болды.

Полицейлер жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару және жүргізуші куәлігі жоқ адамға көлікті жүргізуге беру деректері бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімдеді. Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасы өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp