
Желіде оның видеосы тарады. Кадрдан жұмысшылардың LRT вагондарын арқанмен сүйреп бара жатқанын көруге болады. Олардың неге бұлай жасағаны әзірге белгісіз. Десе де бұл желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Олар: «Египет пирамидасын салғандай болыпты ғой», «100–200 теңгелік жолақыға осындай сервис кіре ме» деп әзілдеді.
Айта кетейік, LRT осы көктемде іске қосылады.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


