Астанада «BaiQymyz – бапталған қымыз» атты ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті

Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақстанда алғаш рет өткізілген BaiQymyz фестиваліне еліміздің барлық өңірінен 50-ден астам қымыз өндіруші қатысты.
Фестиваль қымыз ішу мәдениетін жаңғыртуға, фермерлікті дамытуға және жергілікті брендтерді ілгерілетуге бағытталған.
Келушілерге қымыз ұсынылып қана қоймай, оны дайындаудың бірегей технологиясы да таныстырылды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, 40 мыңнан астам елорда тұрғыны мен қонағы 30 тоннадан астам ұлттық сусыннан дәм татқан.

Жоба ұлттық дәстүрлерді сақтау мен насихаттау ісіндегі рекордтық жетістік қана емес, сонымен қатар маңызды мәдени оқиғаға айналды.

Еске сала кетейік, фестиваль 19–20 шілде күндері Астанадағы «Қазанат» атшабары аумағында өтті. Қымыздан дәм татудан бөлек, келушілер ұлттық тағамдардан ауыз тиіп, фольклорлық қойылымдарды тамашалап, қолөнер жәрмеңкесіне, концерттерге қатысып, жылқы көрмесін тамашалай алды.

Дереккөз: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар