
Оқиға 15 қазанда болған. Баланың анасы келгенде, балабақша қызметкерлері орындыққа таласқан балалардың бірі оны кездейсоқ ұрып алғанын айтқан.
Алайда бейнежазбаны көрген ана баласын балабақшадан алып кеткен. Ол қазан айы үшін төлеген 80 мың теңгені қайтаруды талап еткен, бірақ ақша әлі берілмеген.
Нұра ауданының полициясы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Дереккөз: @baq_kz


