Аса ірі көлемде есірткі тасымалдамақ болған топ құрықталды

Фото: ҚР ҰҚК

Осы жылдың қазанында ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен қатысушылары есірткіні аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікпен екі есірткі тобының әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы satmedia.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен, Т.Рысқұлов және Меркі аудандарында 14 кг-дан астам гашиш пен 42 кг марихуананы сатуға әрекеттенген екі Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Дереккөз: ҰҚК баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар