Ел Тәуелсіздігінің бастауы болған 1986 жылдың 16 желтоқсаны халқымыздың есінде мәңгілікке қалып қойды. Сол трагедия ешқашан да ұмытылмайтынына көздері жетті. Бүгінгі егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздің халықтық көтеріліспен, адам төзгісіз қорғану мен жандары жәннатқа кеткен боздақтардың қанымен, арымен келгендігін ешкім де жоққа шығармасы хақ. Қазақтың қайсарлығын ұлтжанды халқымыз сол күндері айдай етіп әлемге дәлелдеп берді. Сол себепті де күні кеше Келес ауданына қарасты Балалар «Саз» мектебінде «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Нақтырақ, тілшіміз – Фариза Мүсілім баяндайды.
Авторлар: Фариза Мүсілім, Асан Қазақбаев