Көктемнің көрігін қыздыратын ең әсем мерекелердің бірі – 8 наурыз «Халықаралық әйелдер» күні Сарыағаш ауданында ерекше құрметпен аталып өтті. Мереке қарсаңында аудан әкімі Арман Абдуллаев өңірдің дамуына үлес қосып жүрген әйелдер қауымымен кездесіп, аналар мен аруларға құрмет көрсетті. Арнайы қабылдауда қоғамның әр саласында еңбек етіп жүрген нәзік жандыларға алғыс айтылып, көпбалалы аналар мен ардагерлерге ерекше ілтипат білдірілді.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Айдос Дәулет





