Сарыағаш ауданында 25 қазан — Республика күніне орай ардагерлер арасында кіші футболдан өткен сайыс мерекелік көңіл күйде өтті. Бұл додаға Қазығұрт, Сарыағаш және Келес аудандарынан келген сегіз команда қатысып, өзара кім мықтыны анықтауға тырысты. Әр команда жеңіске деген жігерін танытып, ойын барысында жоғары шеберлік пен ұйымшылдық көрсетті.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы





