Биыл Ауған жеріндегі Кеңес пен Ауған соғысының аяқталғанына – 34 жыл толып отыр. 15-ақпан күні аталған аумақтан әскери борышын өтеп жатқан сарбаздар елге орала бастады. Өздеріңіз білетіндей, олардың барлығы бірдей өз аяғымен келген жоқ. Табытта жеткізілген боздақтардың саны жетерлік еді. Бүгінде аман қайтқандарының алды ақсақалға айналды. Айтулы күнде аталған азаматтар оқушылармен ашық сұхбаттасты.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Аман Асылбек