Келес ауданы Біртілек ауылдық округіне қарасты Шұқырсай елді мекеніне тілшіміз арнайы аттың басын бұрып, журналистік зерттеу жасап қайтқан болатын. Себебі бұл ауылдың ынтымағы берік, бірлігі жарасқан. Ал ауылдың ерекшелігі – елді мекен ішіндегі дүкендерде ішімдік мүлдем сатылмайды екен. Ащы судың жоқтығынан болса керек, әр отбасының шаңырағы тыныш, тұрғындары да еңбекқор.
Авторлар: Асқар Мәденов, Асан Қазақбаев