
Бүгінгі таңда қоғамымыздың дамуы мен ұлт денсаулығы – әрқайсымыздың жауапкершілігімізде. Осы орайда қолға алынған «Арақсыз ауыл» жобасы – салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.
Арақ – адам денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, отбасының берекесін кетіретін, қоғамның дамуына кедергі келтіретін факторлардың бірі. Сондықтан әрбір азаматты зиянды әдеттен бас тартып, саналы өмір салтын таңдауға шақырамыз.
Біз таңдаған жол –
✔ дені сау ұрпақ
✔ берекелі отбасы
✔ қауіпсіз қоғам
Арақтан бас тарту – бұл тек жеке шешім емес, бұл – келешек ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілік.
Бүгінгі дұрыс таңдау – ертеңгі жарқын болашақтың кепілі.
«Арақсыз ауыл» – бұл бір күндік емес, өмірлік ұстаным!
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


