Былтыр ғана ашылған «Дидар-2023» зияткерлік бастауыш мектебі өзінің алғашқы жылында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Мектептің үш оқушысы Дубай қаласында өткен ментальды арифметика сайысында жүлдемен ғана емес, кубокпен оралып, барша мектеп ұжымын қуантты. Бұл үлкен жеңіс мектептің білім беру сапасын көрсетіп қана қоймай, оқушылардың қажырлы еңбегінің жемісі екенін дәлелдеді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Әукен Қадір