Сарыағаш ауданы жылыжайымен, сондай-ақ шипалы шипажайларымен де Қазақстанға аты шыққаны белгілі. Аталған тізбекті енді «Алтын Шаңырақ» санаториі толықтырды. Жаңа мүмкіндіктермен, жаңаша лепте жұмыс жүргізіп бастаған нысанның ашылу салтанатына арнамыздың түсіру тобы да қатысып, көптің көңіліне қонымды шипажайдың бүгінгі тынысымен танысып қайтты.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы