Сарыағаш ауданында биыл 3093 оқушы мектепті тәмәмдап, үлкен өмірге қадам басты. Ал оның ішінде 158-і мектеп қабырғасында үздік атанып, «Алтын белгі» иегері атанды. Мамандардың сөзіне сүйенсек, бұл көрсеткіш жылдағыдан жоғары. Білім бағытындағы үздіктерді аудан әкімі Арман Абдуллаев және мәслихат төрағасы Смайыл Тасқұловтар марапаттады.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Сағындық Асылбек